ҚР, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Ү. Түктібаев аулы, Түктібаев №10
+7 (778) 872-31-60
20_zhaina@mail.ru

Әдіскер


  1. Білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
  2. Пәндер мен оқу курстары бойынша оқу, оқу- тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды құрастырады.
  3. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (жасауға) қатысады; білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады.
  4. Оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді.
  5. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды, құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дйындауды ұйымдастырады.
  6. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады және топтар бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет ретін құрады.
  7. Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады.
  8. Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойыншықтармен, ойындармен жинақтауды ұйымдастырады.
  9. Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстарының жағдайына талдау жасайды.
  10. Тәрбиешілер үшін ұйымдастырылған іс-әрекеттер, семинарлар, жеке және топ бойынша  кеңестер, конкурстар мен көрмелер өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады, оқу- педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін жүргізеді, есепке алу және есеп беру құжаттамаларын уақытылы рәсімдейді.
  11. Тәрбиешілердің, психологтың, музыкалық жетекшінің мамандарының өзара әрекеттесуін үйлестіреді.
  12. Балалардың білімдеріне, іскерліктеріне, дағдыларына талдау жасайды.
  13. Тәрбиеші лауазымына іріктеу және оларды көтермелеу бойынша ұсынымдар енгізеді.
  14. Біліктілікті арттыру және педегог қызметкерлерді аттестаттау жұмыстарын үйлестіреді.
    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балалардың құжаттарын  және балаларды қабылдау жұмысын жүргізеді.

 Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады.

Білім алушылардың (тәрбиеленуілердің) күн тәртібі, апталық циклограмманың уақытылы ұйымдастырылуын қадағалайды.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттен тыс уақытта білім алушылармен тәрбие жұмыстары жүргізіледі.

Тәрбиеленушілердің жас ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена ережелерін сақтау жөнінде жұмысты ұйымдастырады.

Балабақшада медбике дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді.

Балабақшадағы әрбңр маман ата – аналармен және тәрбиеленушілердің басқа да заңды өкілдерімен қарым-қатынаста болады.