Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №20 «Жайна» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

| Мекеменің атауы | Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің №20 «Жайна» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны. |
| Мекен-жайы | Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, «Алға ауылдық округі, Ү.Түктібаев ауылы, Ү.Түктібаев көшесі №10. |
| Мекеме басшысының аты- жөні | Тлеубергенова Гульмира Кулимбетовна |
| Білімі, басшы лауазымындағы еңбек өтілі | Жоғары, 18 жыл, басшы-ұйымдастырушы. |
| Мекеменің пайдалануға берілген жылы | 2007 жылы |
| Ғимарат типі | Ыңғайластырылған |
| Жобалық қуаты | 50 орын |
| Күрделі жөндеуден өткен мерзімі | Өткен жоқ |
| Жылу жүйесі | Жанармай №88 мектеп есебінен. |
| Оқыту тілі | Қазақ |
| Педагогтардың сапалық құрамы | 8 педагог |
| Тәрбиеленушілер контингенті | 50 |
№20 «Жайна» бөбекжай-балабақшасы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, «Алға ауылдық округі, Ү.Түктібаев ауылы, Ү.Түктібаев көшесі №10 үйде №88 мектеп ғимаратында орналасқан. Бір қабатты ғимаратта жас ерекшеліктеріне қарай жабдықталған бөлмелер, аулада топтарға арналған ойын күркесі, сырғанақтар, күнге қыздырынуға арналған құм бар. Біздің ұжымда өз ісіне шебер, арнаулы білімі бар, шығармашылық тәрбиешілер, ұқыпты тәрбиеші көмекшілері мен медбике және де дәмді ас даярлайтын аспазшы қызметкерлер бар.
Балабақшада барлығы 50 тәрбиеленуші бар. Жас ерекшеліктеріне қарай «Айгөлек» ересек 4-5 жас, «Балбөбек» ортаңғы 3-4 жас тобы бар. Әр топ 25 баламен қамтылған.
Біздің басты мақсатымыз тәрбиеленушілерді жан-жақты дамыту. Бөбекжай-балабақшада балаларды өз бойындағы адами қасиеттерді бағалауға, оқу-білімге деген құштарлығын ашуға, өз бетінше жұмыс атқаруға үйретеді. Білім беру барысында мына қағидалар арқылы жұмыс жасаймыз. Баланың әлеуметтік-эмоцияналдық денсаулығына баса назар аудару. Баланың өзін-өзі көрсетуіне, талабын ашуға психологиялық мәселелерінің дер кезінде шешімін табуға толықтай жағдай жасаймыз.
Біздің балабақшаға қош келдіңіздер!
